National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Археология институтының жұмысымен танысты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына барып, жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында аталған институттың жұмысын жаңғыртып, оның өз деңгейінде қызмет жасауы үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бергені баршаға белгілі.

Ерлан Қарин институттың ағымдағы жөндеуден өткен лабораторияларымен, қор сақтау қоймасымен, архивімен, кітапханасымен танысып шықты.

Мұнан кейін Мемлекеттік кеңесші Археология институтына қатысты арнайы жиын өткізді. Онда институт директоры Ақан Оңғар мекемедегі проблемалар мен оны шешу жолдары жайында баяндады.

Жиын соңында Ерлан Қарин Президент тапсырмасын орындауға қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты міндет жүктеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару