National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Мемлекеттік комиссия туралы Ереже және оның құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен бекітілген.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі шешімдерді әзірлеу мен қабылдау Мемлекеттік комиссияның міндеттері болып табылады.

Мемлекеттік комиссияның қызметтеріне Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шараларға мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау, сонымен бірге мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының есептерін қарау кіреді.

Мемлекеттік комиссия құрамына:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің өкілі кіреді

Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару