Жаңалықтар

17 қыркүйек 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбат» ЖШС-нің егістік алқаптарын аралап көрді
Ақмола облысы, Жақсы ауданы

Ақмола облысына келгеннен кейін Мемлекет басшысы егістік алқабын аралап, «Айбат» ЖШС-нің егін жинау науқанының барысымен танысты.

Қазақстан Президентіне облыстың әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі көрсеткіштері мен агроөнеркәсіп кешенінің келешегі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәнді және майлы дақылдардың жаңа сорттары көрсетілді.

Мемлекет басшысы механизаторлармен әңгімелескенде ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге баса мән беріліп отырғанын айтты.

– Мемлекетіміз үшін сіздердің еңбектеріңіздің мәні зор. Үкімет фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді, ауылдың өмір сүру сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады, – деді Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға ауа райының жақсы және өнімнің мол болуын тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары